Несие пайызын төмендету қызметі үшін қолма-қол ақша алған "көмекші" ұсталды

1 517

Фото: ©Baq.kz архиві/ Нұркен АлишевЕлорда тұрғыны ақмолалықтарға қолданыстағы несиелердің мөлшерлемелерін төмендетуге уәде етіп, ақша алған,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі BAQ.KZ. сайтына сілтеме жасап.

Целиноград ауданының полиция бөлімі алаяқтық деректері бойынша екі қылмыстық істі тергеп жатыр. 24 жастағы елорда тұрғыны жәбірленушілерге қолданыстағы несиелерінің пайыздық мөлшерлемесін төмендетіп беруге көмектесетінін айтып, сенімдеріне кірген. Ол өз «қызметі» үшін алдын ала қолма-қол ақша алып, кейін уәде еткен міндеттемелерін орындамаған. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Полиция азаматтарды қаржылық қызметтерге қатысты күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және тек ресми ұйымдар арқылы әрекет етуге шақырады.

Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленушілер күдіктімен жеке таныс болған, сондықтан оған толығымен сенген. Залалдың жалпы сомасы 2,6 миллион теңгеден асты. Тараптар арасындағы келісімдер 2025 жылдың желтоқсанында жасалған, алайда үш айдан кейін күдікті уәдесін орындамаған. Жәбірленушілер полицияға жүгінуге мәжбүр болды. Осы фактілерге сәйкес алаяқтық белгілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде, сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас эпизодтарға қатысын тексеруде. Жәбірленушілер саны бұдан да көп болуы мүмкін, - деп хабарлады Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.