Хиджабтағы қыздың сөмкесінен 2 келіге жуық мефедрон табылды
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, күдікті ұсталған кезде оның қол сөмкесінен жалпы салмағы шамамен екі келіге жуық болатын мефедрон салынған төрт пакет табылған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі stan.kz парақшасына сілтеме жасап.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары есірткіні өлшеуге арналған электронды таразылар мен оны бөлшектеп орауға пайдаланылатын қаптама материалдарын тәркілеген.
Тергеу барысында күдікті жалдап тұрған пәтерге де тінту жүргізілді. Нәтижесінде әрқайсысының салмағы шамамен 5 грамм болатын есірткі заты салынған тағы 32 орам анықталған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.







