“Қазақ тілінен басқа ештеңе білмейсіңдер” қазақ тілді қорлаған жігіт қамауға алынды

1 513

Фото: instagram roza.ospanova77Әлеуметтік желіде қазақ тіліне және қазақтарға тіл тигізген бұрынғы Ресей азаматын сот 15 күнге қамауға алынды, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Желіде ол қазақ тілі мен қазақтардың тарапына кемсіту бағытындағы сөздер айтып, жұрттың наразылығын тудырған болатын. Өзінің жеке Instagram парақшасында жақында ғана Ресейден мобилизацияланғанын және қазір Астана қаласында тұрып жатқаны туралы ақпарат жазған. Алайда оның Threads желісіне жазған пікірі көп қазақстандықтарға ұнамады. 

“Мен қазақ тілін білмеймін және 39 жыл бойы тамаш өмір сүріп келемін”, “Мамбеттер мен қонақжайлылық екеуі екі түрлі ұғым. Кейін туристер неге жоқ деп таңғалады”, “Қысқасы әлем қазақ тілсіз-ақ өте керемет өмір сүріп жатыр”, “Қазақ тілін білмейтін жапондықтар әлем бойынша, өте керемет автокөліктер шығарып жатыр. Қазақ тілін білмейтін Apple компаниясы Iphone-дар шығарып жатыр. Сендер бір-бірлеріңмен қазақша сөйлеуден басқа ештеңе білмейтін ақымақсыңдар. Қазақ тілін білмейтін шведтер өте керемет мемлекетке айналды. Жауап бір – ол ешкімге де керек емес”, – деп жазған ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.