Қызылордалық көпбалалы аналар облыс әкімдігінің алдына көмек сұрап жиналды
3 161
Қызылорда қаласында бір топ көпбалалы аналар әлеуметтік жағдайларын айтып, мемлекет тарапынан қолдау сұрап Қызылорда облысы әкімдігінің алдына жиналды, деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Айтуларынша олардың Қызылорда қаласы әкімдігінің табалдырығын тоздырып, әкімнің қабылдауына кіре алмай жүргендеріне көп болған. Оны әкімдік естісе де, «саңыраудың» кейпін киіп келгелі айлар өтіпті. Қажеттілік пен қолдауға зәру болған аналар шаһар басшысы Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы мен бетпе-бет жүздесу басты уәждері екен. «Алайда кіруімізге рұқсат жоқ. Арнайы түрде қабылдауға жазылсақ та, ол қабылдау онлайн режимінде өтеді. Халыққа шығып, түсіндіріп берсе екен дейміз»,- дейді аналар. Қымбатшылықтан туған сан-сауалдың жауабын қала әкімінің орынбасары, Нұридинов Бектас Балғабайұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс әкімдігінің алдына шақыртумен келсе де, айтар уәжі болмады. Десе де, 25 қазан да болатын «Алтын күз» жәрмеңкесіне қойылатын азықты нарық бағасынан төмен бағада аз қамтылған көпбалалы аналарды азық-түлікпен қамтамасыз ететіндерін тілге тиек етті. Алайда, жиналған аналардың басым бөлігі мүгедек бала асыраушы ата-аналар болды. Осы орайда, аналар: «Арнайы квотамен сауықтыру мекемелеріне балаларымызды жібере алмай отырмыз. Үкіметтен балалардың дәрі-дәрмегінен артылмайды. Еріккеннен келмейміз, жағдайымыз жақсы болса табан тоздырып, неміз бар? Оның үстіне осылай жиналып барсақ болды, полицейлерді шақырып, үстімізден қылмыстық іс қозғап, ол аздық еткендей айыппұлдар салып жіберіп жатыр. Бас басымызда екі айыппұлдан бар. Тіпті біріміз, сотталушы болып та сот үкімін алған жайымыз бар. Естір құлақ болса шағар мұңымыз жетерлік»,-дейді өз аты жөнін айтудан бас тартқан ана.
Расымен де, облыс әкімдігінің алдына жиналған жұртшылыққа басу айтуға облыс әкімі Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы –ның шығуын не болмаса қала әкімі Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы – ның келуін талап еткенмен, ол кісілердің қарасы да көрінбеді. Шырылдаған көпбалалы аналардың қоғамдық жұмыстарға тартылып, бар болғаны отыз сегіз мың теңге жалақы алатындығы да айтылды. Десек те, аз қамтылған отбасында ең төмеңгі айлық көрсеткішпен күн көріс деңгейін біздің үкімет қалай көтермек?!
Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Құракбаева Кенжегүл Кұрақбайқызы да қатысып, ашынған аналарға басу айтып, алдағы уақытта көтерілген мәселелердің оң шешімі шығатындығын да жеткізді. Өзін белгісіз ана ретінде көрсеткен көпбалалы ана, әкімшілік қызметкерлерінен таяқ жегенін де жасырмайды. Тіпті министрлікке де барып шағымданғандығын да айтты. Десе де, құзырлы органдарға арызданса да нәтиже жоқ. «Балық басынан шіриді» демекші, билік басындағылардың істеп жатқан әрекеті осы болса, басқалардан не үміт, не қайыр?
Есік сығалап келгеннің бәріне айыппұл салына берсе, әкімдіктен халық үшін келер көмек қайсы? Әділдік іздеп барғанға, айыппұл салынса қайда барып, шағымданады? Расында да, аналардың қалалық әкімдікке емес, облыс әкімдігіне бет бұрғандығының да сыры осы еді. Қала әкімдігіне барсақ «қораға кіреміз» деп әзіл-шындығы аралас гу-гу әңгімелер де айтылып жатыр. Расымен ең аз айыппұл әкімшілік құқық бұзушылық деп танылып - 7292,50 теңге тағайындалса, ең көбі жалпы соммасы -37 000 теңгеге жуық айыппұл тағайындалыпты, ал ең сорақысы қылмыстық кодекстің 378 бабының 2 тармағы бойынша іс қозғалғандығы тағы бар. Қара халықтың қамы үшін еткен еңбектеріңіздің құны аналарға салынған айыппұл болып отырғандығы ма? Әлде, әлсіз, көмекке мұқтаж аналарды темір торға тоғыту ма? Өздері ішерге азық таппаған аналардың үстіне тағылған айыптарды қайтпекпіз? Пана іздеп барғандарды, далаға ысырып қашанғы отырамыз? Осы тұста облыс әкімдігіне идеологиялық бастамалар көтеріп, халықпен тығыз қарым-қатынас орнататын мемлекеттік жанашыр қызметкердің жоқ екенін айқын аңғаруға болады.
Ашынған халық арасына елдің көзі жауыр болған әкім орынбасарлары емес, сол әкімдердің өздері келсе дұрыс қадам болып, оң шешім шығар еді. Аналардың басар жер, барар тауы қалмағандықтан журналистерге жүгініп жатыр, мүшкіл халін көрсету мақсат емес, ол «елдігімізге сын» деп білетін, еліміздің туын көтерер келер ұрпақты тәрбиелеп отырған батыр аналардың қадірін кетірмеген абзал. «Айта айта алтайды, Жамал апам қартайды» дегеннің кері болып, қоғамдағы ата-ана мен бала, отбасы имиджін жоғалтып алмасақ игі еді...
редактор,
Айгерім Меңдібаева