ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖАСТАР ҮЙІ» ТҰРҒЫНДАРЫ ЖЫЛАП ЖҮР
1 733
Қызылорда толық газдалған өңір деп айтсақ қателік емес. Десек те, «Жастар үйі» тұрғындары табиғи газға қол жеткізе алмай отыр, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қызылордада 2012 жылы кәмелетке толған жетім балалардың уақытша баспанасы бой көтерген болатын. Яғни, бүгінде тілге тиек болып жүрген 5 қабатты тұрғын үй - «Жастар үйі». Мұнда кәмелет жасқа толып, жетімдер ұясынан ұшқан 18 жастан асқан жандар мекен етеді. «Жастар үйінің» тұрғындары үйді пайдалануға берілгеніне 10 жылға жуықтаса да, әлі күнге дейін түйіні көп түйіткілді мәселелері бар екендігін тілге тиек етті. Атап айтқанда,
«Мен Атамекен балалар үйінде тәрбиелендім. Қазіргі таңда «Жастар үйінде» тұрып жатырмын. Екі жақтың да жағдайы мәз емес. Үйімізде әлі күнге дейін көгілдір отын тартылмай отыр. Жылу батареяларының тек 3 бағанасы ғана орнатылған. Оның үйімізді жылытуға еш күші жетпейді. Тамақты газ баллонға жасаймыз. Оны әйел басымызбен көтеріп 4-5 қабаттарға жеткізе де алмаймыз. 1-қабат толығымен табиғи газға қосылған, басқа қабаттарда толығымен құбырланғанымен газ берілмей отыр. Жауапты мамандар жауап берсе», - деді Жадыра.
Облыс орталығында барлық әлеуметтік нысандар табиғи газға қосылғанымен, аталған әлеуметтік нысан тұрғындары газ баллон тұтынады. Бұл жағдайдың қауіпті екенін айтқан жастар, жергілікті билік мәселемізді шешуге асықпайды деп ашынады. Тіпті соның салдарынан төтенше өрт оқиғаларының орын алуы да жиілепті. Ғимаратқа газ құбырлары тартылғанымен, қала әкімдігі көгілдір отынға қосуға рұқсат бермей отырған көрінеді. Расында кірпіші қаланған кезінде толық жобасы жасалынған «Жастар үйінің» мәселесінің толық шешімін табуына не кедергі?
«Жаз айында Жастар үйінде өрт шықты. Өртті сөндіру үшін жедел түрде өрт сөндірушілер келіп, подьездегі терезелерді сындырып, өртті сөндірген болатын. Содан кейін еш жөндеусіз қалды. КСК-да келіп жөндеп береді деп ескертіп кеткен. Бірақ ешкім келмеді, 4 ай өтіп кетті терезелердің сынып тұрғанына. Үйге толық модернизация жүргізіп берсе жақсы болар еді. Жастар үйінде тұрғанымызға 8 жыл болды, әлі де көгілдір отын қосылмады. Баллонды сатып алып келу, оны іске қосу барлығы қаражатқа келіп тіреледі. Оған біздің шамамыз жетпейді. Жетім балалар үйінен шыққаныңды естісе, ешкім жұмысқа алғысы келмейді»- деп ашынды Жастар үйінің тұрғыны Анар.
«Облыс әкімдігінде Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы қабылдауында болып, мәселеміздің барлығын айтқан болатынбыз. Жастар үйі мен Атамекен балалар үйінің мәселесі бойынша барған болатынбыз. 1 апта болды барғанымызға әлі күтудеміз. Егерде еш нәтиже жоқ болса, тағыда барамыз. Жалпы бюджеттен көп қаражат бөлінеді, алайда сол қаражат дұрыс пайдаланылмайды. Жетімдерге бөлінген қаражат орнымен жұмсалып отыруы тиіс. Жетімдерге бөлінген қаражат қайда кетеді сонда?» - дейді «Глобус Ақмешіт» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, заңгер Ғани Әбиев. Қозғалған мәселенің мәнісіне жету үшін арнайы іздестіріп, әр саланың жауапты мамандарына да хабарласып, сұрастырған болатынбыз. Осы орайда қала әкімдігіне қарасты Қызылорда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің газ саласының маманы: «Қазір жатақханаларға газ қондыруға болмайды, арнайы электрлі пештермен жабдықталуы тиіс. Тұрғындардың қабат бойынша қалай газдандырылғаны белгісіз. Бұл жөнінде сұрастыруымыз керек»-деді Шолпан. Осы орайда, қаладағы болып жатқан жағдайлардан жергілікті атқарушы билік хабарсыз отырғандығы ма? Жалпы «Жастар үйінің» мәселесімен тұрғын үй инспекциясының басшысы да біліп, хабардар болғанымен, журналистпін дегенде өзім зерттеп хабарын беремін дегеннен кейін ізім-қайым жоқ. Телефон тұтқасына жауап бере алмай жүргендері тағы бар. Сонымен қатар, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ–на да хабарласып, мән жайды сұрастырғанымызда:
«Жалпы біз газ құбырларына емес, газды іске қосуға жауап береміз. Жергілікті атқарушы органдар тиісті құжаттарды жіберген кезде, біз газды іске қосып бере аламыз. Жастар үйі бойынша бұрында газ жүргізілген, тек 1 –ші қабатына ғана. Өйткені, бұрын ол жерде адамдар тұрмады. 1-ші қабаты белгілі бір мекеме болғандықтан ғана газ жүйесі тартылған болатын. Жалпы ата-анасының қарауынсыз қалған жеткіншектер уақытша тұратын болғандықтан газ жүйесі тартылмаған. Біз өткен жылы «Жастар үйіне» тексеру жұмыстарын жүргізген кезде, адамдар тұрақты тұрып жатқанын, соған қарамастан ешқандай газ жүйесі тартылмағанын аңғардық. Ал, біз дәл қазір газ коссақ жарылып кетуі мүмкін. Егерде бізге арнайы құжаттарды дайындап жіберсе, тұрғындардың кей жерлеріндегі жетіспейтін құрал-жабдықтарын түгендеп берсе, ешқандай қиындықсыз газды қосып бере аламыз. Негізі бұл мәселеге нақты жауапты мекеме қалалық тұрғын үй инспекциясы екенін де айта кеткенім жөн болар»-дейді «ҚазТрансГаз»АҚ мекемесінің ПТО бөлім басшысы Ислам Бектұрғанов.
Сонымен АҚ «ҚазТрансГаздың» айтуы бойынша қалалық әкімшілік жауапты екенін де білдік. Алайда бүгінде еш нәтиже жоқ. Билік басындағы атқа мінер азаматтарымыздан бір демеу болар деген жәутеңкөздеріміздің жағдайын жасаудың орнына, көздерін жәутеңдетіп, жауратып қоя береміз ба? Жалпы Тұрғын үй инспекциясы Рысбек Абзал Рысбекұлы бұл мәселеден қашанғы басын алып қашар екен? «Балық басынан шірейді» демекші қалалық әкімшілік Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы өзі жалқаулыққа салынса, қалған бөлім басшыларынан күтер үміт қандай? Әлде бұлардың қанжығасын майлап, сайманын сайлап бергенде ғана іске көшерме екен? Шындықты айтып шырылдағандар үшін, қол ұшын бере алмаған жандардың әрекетсіз отыруына не себеп? Баяғы жартас, сол жартас болып отыра беруі тиіс пе? Алдағы уақытта орнатылған газдың қосылуын асыға күткендер үшін, әкімдіктің көмегі болмаса, атқа мінер азаматтарымыз түйіткіл мәселенің түйінін шешіп береді деген ойдамыз.
ТҰМАР ХАНЫМ