Жамбылдағы жарылыс кезінде жоғалған өрт сөндірушіге қатысты жаңа дерек шықты

822

Жамбыл облысының Байзақ ауданында болған жарылыстан кейін із-түссіз жоғалып кеткен өрт сөндіруші Бауыржан Дәуітбаевтің  жұбайы Ділназ Дәуітбаева іздестіру жұмыстары жайлы айтып берді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Экспресс-К" басылымына сілтеме жасап.

"Бұған дейін таудан іздедік. Енді елді-мекендерді аралап жүрміз. Себебі Бауыржанды ауылдан көрдік деген бірнеше адам бар.

Мәселен, бір әйел Бауыржанды дәмханадан көрген. Жақындап сұрағысы келгенде, әйелдің жанына ағасы келген. Ер адамды көргенде, күйеуім қашып кетіпті. Оның сөзіне қарағанда, Бауыржан ерлерден қорқады", - дейді Ділназ.

Айтуынша, бұл деректерді және әйелдің түсініктемесін полиция тіркеуге алған. Тәртіп сақшылары мен туыстары айналаны іздегенімен, әзірге нәтижесіз. Өкінішке қарай, ауыл дәмханасында бейнебақылау камерасы болмаған. Бауыржанның әрі қарай қайда кетуі мүмкін екенін де ешкім білмейді. 

Бұдан өзге, Бауыржаннан хабар жоқ. Алайда жұбайы Ділназ күдерін үзбейді. 

"Қандай да бір ақпарат естісек, қуанып, полицияға жетіп барамыз. Бірақ ілік жоғалған соң, қайтадан ауыр күй кешемін", - дейді әйел.