ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ: 3 АПТАҒА 13 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛДІ
929
Қызылорда облысының әкімдігі 2021 жылдың соңына дейін жергілікті тұрғындарды жеткен жетістіктерін телехабар арқылы таратуға 13 миллион теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлады, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Желтоқсанның 7- сі күні мемлекеттік сатып алулар сайтында «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы» КММ жергілікті электронды БАҚ арқылы ақпараттық саясатты жүргізу қызметін сатып алуы атты конкурсы жарияланған болатын. Жарияланған конкурстың шарттары да түсініксіз екендігін аңғаруға болады. Олай деуге басты себеп жыл аяғына дейін қыруар қаржыны игеру ме, әлде жетістігі еленбегендігінен бе, аз уақыт ішінде жариялануы тиіс болған.
Десек те, өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 14 желтоқсан деп те көрсетілген. Әкімдіктің жеткен жетістіктерін конкурс жеңімпазы 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін жариялау керек. Яғни, үш аптаға жетпейтін уақыт ішінде әкімдік 13 миллион 392 мың теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Ал, конкурс жеңімпазы қалалық телеарналардың бірі– «Kogam TV» ЖШС атанып отыр.
Теледидардан көрсетуі үшін қойылған ерекшеліктеріне сүйенсек, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық және индустриялық-инновациялық дамуын қазақ және орыс тілдерінде таратуы жоспарланған. Техникалық ерекшелікте көрсетілетін қызметті берушіге: «Қызылорда қаласы және оған жақын орналасқан елді мекендерде аптасына 7 күн 1875 минут күніне кемінде 14 сағат» деген талабы да бар. Ал, 1875 минут сәйкесінше 31 сағат 26 минут, бұл уақыт бүкіл аптаға бөлінген, өйткені бір тәулікте небәрі 24 сағаттың бар екендігін ескерген жөн. Сонда, талап бойынша күн сайын 4,5 сағатқа жуық телехабардан облыстық биліктің жетістіктерін тамашалай алады екенсіз.
«Қызылорда қаласы мен оған тиісті елді мекендердің кемінде 100 пайызын, Қызылорда облысына тиісті елді мекендердің кемінде 40 пайызын телехабар таратумен қамтуды қамтамасыз ету қажет (Бұл деректер тиісті құжаттармен расталған)», - делінген хабарламада. - техникалық ерекшелікте жазылған. Ал, енді өзіңіз сараптай беріңіз «Ханның қызы» атқарған қызметтердің тізбегін көру үшін теледидар алдына жақсылап жайғасу керек секілді.
Тіпті қызығы тапсырыс беруші «Қызылорда облыстық ішкі саясат» КММ-ның қойылған талаптары да одан бетер күмәнді. Ол жоғары ажыратымдылықтағы бейнекамералар мен хабар таратудың автоматтандыру жүйесі және де портативті студия мен квадрокоптер болуы керек деп көрсетілген. Ең сорақысы тікелей эфирде және бейнероликтерді де ішкі саясат басқармасының қызметкерлері өздері түсіретін сияқты әсер қалдыратындығы да шындық. Жалпы, мемлекеттік сатып алулар бойынша көптеген сұрақтар туындап, оған мемлекеттік сатып алуға берілген хабарландыру авторларының жауабы да дайын. Осы орайда, «Литерге» берген жауабында
Ағымдағы жылдың бітуіне де санаулы күндер қалды десек, әкімдіктің жыл бойына атқарған істері осы күнге дейін жарияланбай, аз уақыт ішінде табан асты шығуына не себеп? Жергілікті «сиқырлы сандық» алдағы үш апта бойына әкімдік жүріп өткен сара жолын дара көрсететіндігін атап өткім келеді. Бәлкім жыл бойына біз естімеген жаңалықтардың легін тамашалау үшін 4,5 сағат бойы көгілдір экран алдына жайғасуымызға тура келіп тұр.
Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ
Желтоқсанның 7- сі күні мемлекеттік сатып алулар сайтында «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы» КММ жергілікті электронды БАҚ арқылы ақпараттық саясатты жүргізу қызметін сатып алуы атты конкурсы жарияланған болатын. Жарияланған конкурстың шарттары да түсініксіз екендігін аңғаруға болады. Олай деуге басты себеп жыл аяғына дейін қыруар қаржыны игеру ме, әлде жетістігі еленбегендігінен бе, аз уақыт ішінде жариялануы тиіс болған.
Десек те, өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 14 желтоқсан деп те көрсетілген. Әкімдіктің жеткен жетістіктерін конкурс жеңімпазы 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін жариялау керек. Яғни, үш аптаға жетпейтін уақыт ішінде әкімдік 13 миллион 392 мың теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Ал, конкурс жеңімпазы қалалық телеарналардың бірі– «Kogam TV» ЖШС атанып отыр.
Теледидардан көрсетуі үшін қойылған ерекшеліктеріне сүйенсек, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық және индустриялық-инновациялық дамуын қазақ және орыс тілдерінде таратуы жоспарланған. Техникалық ерекшелікте көрсетілетін қызметті берушіге: «Қызылорда қаласы және оған жақын орналасқан елді мекендерде аптасына 7 күн 1875 минут күніне кемінде 14 сағат» деген талабы да бар. Ал, 1875 минут сәйкесінше 31 сағат 26 минут, бұл уақыт бүкіл аптаға бөлінген, өйткені бір тәулікте небәрі 24 сағаттың бар екендігін ескерген жөн. Сонда, талап бойынша күн сайын 4,5 сағатқа жуық телехабардан облыстық биліктің жетістіктерін тамашалай алады екенсіз.
«Қызылорда қаласы мен оған тиісті елді мекендердің кемінде 100 пайызын, Қызылорда облысына тиісті елді мекендердің кемінде 40 пайызын телехабар таратумен қамтуды қамтамасыз ету қажет (Бұл деректер тиісті құжаттармен расталған)», - делінген хабарламада. - техникалық ерекшелікте жазылған. Ал, енді өзіңіз сараптай беріңіз «Ханның қызы» атқарған қызметтердің тізбегін көру үшін теледидар алдына жақсылап жайғасу керек секілді.
Тіпті қызығы тапсырыс беруші «Қызылорда облыстық ішкі саясат» КММ-ның қойылған талаптары да одан бетер күмәнді. Ол жоғары ажыратымдылықтағы бейнекамералар мен хабар таратудың автоматтандыру жүйесі және де портативті студия мен квадрокоптер болуы керек деп көрсетілген. Ең сорақысы тікелей эфирде және бейнероликтерді де ішкі саясат басқармасының қызметкерлері өздері түсіретін сияқты әсер қалдыратындығы да шындық. Жалпы, мемлекеттік сатып алулар бойынша көптеген сұрақтар туындап, оған мемлекеттік сатып алуға берілген хабарландыру авторларының жауабы да дайын. Осы орайда, «Литерге» берген жауабында
«Телеарна мемлекеттік тапсырыс аясында Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық, индустриялық-инновациялық дамуын мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған телебағдарламаларды көрсетуі керек. Бұл лот ағымдағы жылға арналған лотты әзірлеуге және ақпараттық қолдау қажеттілігіне байланысты жарияланғанын атап өткіміз келеді», -
деді БАҚ бөлімінің басшысы Бердібек Нұрхат.Ағымдағы жылдың бітуіне де санаулы күндер қалды десек, әкімдіктің жыл бойына атқарған істері осы күнге дейін жарияланбай, аз уақыт ішінде табан асты шығуына не себеп? Жергілікті «сиқырлы сандық» алдағы үш апта бойына әкімдік жүріп өткен сара жолын дара көрсететіндігін атап өткім келеді. Бәлкім жыл бойына біз естімеген жаңалықтардың легін тамашалау үшін 4,5 сағат бойы көгілдір экран алдына жайғасуымызға тура келіп тұр.
Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ