Алматы облысында әкімдік балкондарға жалауды фотошоппен салған
462
Алматы облысындағы аудандардың бірінде Photoshop бағдарламасы көмегімен көпқабатты үй балконына Қазақстанның туы салынған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Пятый регион" ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, облыстағы аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілердегі парақшасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған шаралардың суреті жарияланған. Суретке көпқабатты үйлер түсірілген. Тұрғындар терезе мен балконға Қазақстанның мемлекеттік рәмізі - Туды іліп қойған.
"Басылым редакторлары кәсіби графикалық дизайнер Сергей Мартыщенкоға жүгінді. Сарапшы шенеуніктердің жұмысына баға беріп, жалауларды епсіз маман қолмен салған деген қорытындыға келді. "Бұл сөзсіз фотошоп, өте нашар жұмыс. Тулардың артындағы ағаш бұтақтарына назар аударыңыз: бірақ қарапайым адам бұған назар аудармауы да мүмкін. Неге алдады екен?" – дейді ол.
Фотосурет әкімдік парақшасынан өшірілген, бірақ кейбір пікір қалдырушылар оны қайтаруды "талап еткен".