Теңіз кенішінде 39 мың жұмысшы қысқартуға ұшырайды

296

2022 жылы Атырау облысындағы Теңіз кен орнындағы «Болашақ кеңейту жобасының» аяқталуына байланысты 39 мың адам жұмыссыз қалғалы тұр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Олардың тең жартысы жергілікті тұрғындар. Қазірдің өзінде келесі жылдың бірінші тоқсанында 7 мың жұмысшы қысқартылатын болды.

Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қазақстандықтарды жұмысқа орналастыруға көмектесуге уәде беріп отыр.

Мемлекеттік бағдарламалар бар. Біз оларға он екі мыңға жуық адамды тартуды жоспарлап отырмыз. Мұнай-химия кешені саласында инвестициялық жобалар бар. Құрылыс барысында жиырма мыңға жуық жұмысшыны жұмыспен қамтамасыз еткіміз келеді,
— дейді жұмыспен қамту бөлімінде.

Бұған дейін "Теңізшевройл" кенішінде мұнай өндіруді жылына 12 миллион тоннаға ұлғайтатындығын, сөйтіп жылдық меже 39 миллион тоннаға жететінін хабарлаған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.