Петропавлда әйел жұмбақ күйде досының үйіндегі терезеден секіріп кеткен

257

Петропавлдағы әйел өлімін қала тұрғындары әлі күнге дейін талқылауда. Ол досының пәтерінің терезесінен cекіріп кеткен,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 


Көршілерінің айтуынша, қайғылы оқиға болған пәтерде музыка жиі қатты шығып тұрған. Онда орта жастағы ер адам тұрған. Басқосуға үш адамнан тұратын музыка әуесқойлары жиналады. Тұрғындардың ешқайсысы жанжал, айқай немесе басқа күдікті дыбыстарды естімегендерін жеткізді. 

“Тек музыка ғана естіліп тұрады. Ол әрдайым музыка тыңдайды. Күйеуім ары-бері жүргенін айтты, өйткені бізде балалар бар. Сондықтан қандай да бір жанжал, ұрыс-керіс естілмеген. Өзі сабырлы адам болатын. Көрген жерден сәлемдесіп жүретін. Бірақ біз аса сөйлеспейміз”, – дейді көршілері. 

Пәтер тұрғындарының айтуынша, қыз қарама-қарсы үйде тұрған. Оның балалары болмаған. Түсірілім тобына сол кеште не болғаны туралы пәтер иесі пікір білдіруден бас тартты.

39 жастағы марқұмға көз жұмарынан бірнеше сағат бұрын әпкесі көмектесуге тырысқаны белгілі болды. Ол қыздағы психоздың өршуіне байланысты осы мекен-жайға жедел жәрдем шақырған. Алайда есікті ешкім ашпапты. Біраз уақыттан кейін өтіп бара жатқан адам қала тұрғынының 5-ші қабаттың терезесінен секіргенін көрген. Әйел жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмады. 

Полиция өз-өзіне қол жұмсау фактісін растады. Марқұмның қанында алкоголь немесе есірткінің іздері бары әлі хабарланған жоқ. Тергеу шаралары жалғасуда.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.