Алматыда наразы топ қайта шеруге шықты
413
Алматыда наразылық шеруі қайта басталды. Топтасқан жұрт қала орталығына бағыт түзеген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде жарияланған бейежазбалардан шеруге шыққандарға тәртіп сақшыларының да қосылғанын көруге болады.Наразы топтың шулай қозғалған шеруінің бейнежазбасы Telegram-да жарияланды. Видеодалардың бірінде арнайы техникаларды толық қарамағына алған ереуілшілердің әрекетін көруге болады.
Тағы бір бейнежазбада бірнеше тәртіп сақшысының наразы топқа біріккені байқалады. Олар топ болып Төле би көшесімен қала орталығына бағыт алған. Дей тұрғанымен, құқық қорғау қызметінің халыққа қосылғаны жайлы мәліметті ішкі істер министрлігінде жоққа шығарды.
Полиция наразы топтың жолын бөгеу мақсатында сап құраған.