Алматыда техникалық жөндеу орталығынан өрт шықты

390
Алматыда Шығыс айналма жол маңында орналасқан техникалық жөндеу орталығынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
 
Алматылықтар Шығыс айналма жолы мен Төле би көшесі қилысында қою түтін шығып жатқаны туралы Желіде талқылап жатыр. Өрттің видеосы kris.p.almaty.official тобында жарияланды.
 
Алматы ТЖД мәліметінше, сағат 12.42-де өрт сөндірушілер шақыру бойынша Медеу ауданындағы Т. Бигелдинов 131 мекенжайына барды. ТЖО "Техартсервис" ғимараты өртеніп жатқаны белгілі болды.
 

Өрт сөндірушілер ғимаратқа оқпан енгізді, автоцистерналар гидранттарға орнатылды. ТЖО ішінде жоғары температура пайда болды. 13.37-ге қарай өрт ауыздықталып, 20 минуттан кейін сөндірілді.
Өрт орнында 16 техника және жеке құрамнан 62 адам жұмыс істеген.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.