Павлодарда балалар компьютердегі атыс ойынын көшеде жалғастырды
259
Балалар тапаншаға ұқсас қарумен көрші үйлерге оқ атқан,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Кеше кешкісін Павлодар полициясына 34 жастағы тұрғын белгісіз біреулер терезеге оқ атқанын айтып шағымданды.
Жедел тергеу тобы оқиға орнын тексеріп, қаладағы №6, 16, 24, 29 және 34 мектептердің оқушылары тәртіп бұзғанын анықтады. Оқу атушылар 13-15 жас аралығындағы балалар болып шықты.
Полиция департаментінде айтылғандай, жеті жеткіншек сағат 15.30 шамасында бір үйде компьютерде ойын ойнауға жиналған. Жасөспірімдердің бірі сол жерге танысы берген тапаншаға ұқсас затты алып барады. Қаруды сынап көрмек болған балалар балконға шығып, жан-жаққа бес рет оқ атады. Бір оқ Бұқар Жырау көшесіндегі үйдің балконына тиіп, терезесін сындырған.
Тапаншаға ұқсас зат тәркіленіп, сараптама тағайындалды. Соның нәтижесі бойынша шара қолданылады, — дейді ПД баспасөз қызметі.
Айта кету керек, кәмелетке толмағандардың іс-әрекеттері үшін олардың ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері жауап береді.