Нұр-Сұлтан тұрғыны зейнеткерді пәтеріне жеткізуге көмектесіп, кейін тонап кеткен
334
Петропавлда көмектесемін деген сылтаумен зейнеткерлердің сеніміне кіріп, кейін тонап отырған 30 жастағы күдікті ұсталды. Ол дәл осындай жолмен бір-екі күннің ішінде 150 мың теңгеге жуық ақша ұрлаған. Полицейлер күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екенін анықтады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Astana.tv сайтына сілтеме жасап.
Полицияға белгісіз адам зейнеткердің әмиянін ұрлады деген хабарлама келіп түскен. Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, ер адам оған пәтеріне дейін көтерілуге көмектескен, ішуге су сұрап, кетіп қалған. Көп ұзамай әйел 120 мың теңгесі салынған әмиянінің жоғалғанын анықтайды. Осыған ұқсас жағдай бірнеше күннен кейін тағы қайталанған. Көп ұзамай полиция бейнебақылау камераларынан күдіктіні анықтады. Бұл бір күн бұрын Петропавлға уақытша келген Нұр-Сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол ұрланған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындады.

"Бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған. Бұл азаматтың кінәсі мен жасалған қылмыстарға қатысы қылмыстық іс материалдарымен, заттай дәлелдемелерді тәркілеу және іске қосу арқылы толық дәлелденген. Енді ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді Петропавл қаласы полиция бастығының орынбасары Азамат Ташев.