Грекия тауларында үш альпинист өлі табылды

252
Грекиядағы танымал Калаврита тау шаңғысы курортының жанында үш альпинист өлі табылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Афина ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 5 ақпан күні 40, 49 және 56 жастағы үш ер адам із-түзсіз жоғалған. Олар биіктігі 2355 метр Гельмос тауына шығу үшін Калавритадан таңертең шыққан.


Ведомствоның хабарлауынша, тікұшақтардың қолдауымен 22 өрт сөндіруші бірнеше сағат бойы іздеу жұмыстарын жүргізді. Ер адамдардың мәйіттері кейбір заттары тікұшақтан көрінгеннен кейін табылған, оларды анықтау үшін ауруханаға жеткізілді.


Туристердің өліміне қар көшкіні себеп болғаны анықталды.


Бұған дейін әлемге әйгілі оңтүстіккореялық альпинист Пәкістан тауларында өрмелеу кезінде жоғалып кеткен болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.