Жұмыссыз қазақстандықтар жаңа мамандықты тегін оқып, кәсіп игере алады

1 569

Фото / Pexels / cottonbroЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыз жүрген қазақстандықтарға жаңа мүмкіндіктер беретін Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасы туралы айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері 61,6 мың азамат, оның ішінде 32,6 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификат алды. Платформада барлығы 437,8 мың қазақстандық тіркелген, оның 79,1 мыңы 2024 жылы қатарға қосылды.


“Оқудан өткен 32,6 мың жұмыссыз азаматтың 9,4 мыңға жуығы негізінен Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласынан келген жастар. Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар түрлі бағыт бойынша 494 курс жариялады, оның 257-cі тегін. Сондай-ақ одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore және Fluent Education серіктестерінің курстары бар. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін”, – делінген хабарламада.


Маусым айындағы ең көп сұранысқа ие болған курстар:

  • Построение отдела продаж в отел;
  • Кассир;
  • Продавец;
  • Страховой агент;
  • Профессиональный курс индивидуального помощника для сопровождения лиц с трудностями в передвижении.


Платформада тұру және тамақтану, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қызмет көрсету, қаржы және бухгалтерлік есеп, ақпараттық технологиялар және өзге де салалардағы түрлі мамандық бойынша тегін курстар саны артып келеді.


Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және "өмір бойы оқыту" тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстар алуды ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.


“Білім алушы үшін артықшылықтар: кеңейтілген курстарды іздеу, сабақтың түсінікті құрылымы, оқу процесін бақылау және курс авторларымен жылдам өзара әрекеттесу. Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруға тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – студент тарапынан курсты бағалау. Cертификат Электронды еңбек биржасындағы (enbek.kz) білім алушының түйіндемедесінде автоматты түрде көрсетіледі. Әлеуетті жұмыс беруші қызметкерлерді іздеу кезінде платформадан оқығаны туралы сертификаттарды көре алады”, – деп мәлімдеді министрлік.


Авторлар мен әзірлеушілерге арналған платформаға онлайн курстарды жариялау тегін. Курстар қазақ және орыс тілдерінде жариялануы мүмкін. Ақпарат берудің түрлі форматы: мәтін, презентация, бейне және аудио материалдар, инфографика және басқа түрлері болуға тиіс. Платформада ерекше қажеттігі бар білім алушылар үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігі бар.