Шымкент әуежайы 5,6 млрд теңгеге сатылатын болды

474

Әуежайды болашақта сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жоспарлануда. Сарапшылар бұны өте орынды шешім деп есептеп отыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Қазір әуе айлағының 100% акциясы қалалық қаржы бөліміне тиесілі. Аукцион 9 ақпанда өтеді. Тендер жеңімпазы бірқатар шарттарды орындауы тиіс.

Атап айтқанда:

— әуежайдың ішкі өндірісін жаңарту, күту залының жабынды конструкциясын жаңалау, жабдықтарды ауыстыру;

— қазіргі жұмыс орындарын сақтап қалу және қажет болған жағдайда жаңа жұмыс орындарын ашу;

— әуе қатынастарының маршруттық желісін дамыту арқылы әуежай көрсететін жұмыстар мен қызметтердің көлемін ұлғайту.

Сауда-саттықтың бастапқы бағасы 5,6 млрд теңге. Бұл баға бастапқы құнынан 0,4 миллиардқа өскен. Осыдан екі жыл бұрын Шымкент әкімдігі әуежайды сатылымға шығарған болатын. Алайда ол кезде ешкім бұл нысанды сатып алғысы келмеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.