Түркістан облысында ер адам әйелімен жанжалдан кейін үйін өртеп жіберген
305
Түркістан облысында әйелімен жанжалдасқан ер адам үйін өртіп жіберді. Полициядағылар ер адамның мас болғанын мәлімдеді. Келтірілген шығын мөлшері 3 миллион теңгеге тең, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Үйінің өртеніп кеткені туралы полицияға күдіктінің әйелі хабарлаған.
"Бәйдібек би аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, күйеуінің үйін әдейі өртеп жібергенін мәлімдеді. Үйде тұрмыстық заттардан бөлек, әшекей бұйымдар да болған. Келтірілген шығын мөлшері 3 миллион теңгеге тең", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Қазір Қылмыстық кодекстің 202-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
"Анықталғандай, ерлі-зайыптылар арасында жанжал болған. Кейін ер адам мас күйде үйде өрт қойып, материалдық шығын келтірді. Қазір күдікті тұтқынға алынды", – деп қосты полицейлер.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында ер адам зейнеткер әйелді тірідей өртеп жіберген еді. Мұндай әрекетке баруына ер адамның көршісімен жанжалдасуы себеп болған.