2,5 пайыздық несиенің негізгі шарттары қандай?
12 003
Жастардың кәсіпкерлік ынтасын ояту үшін 2,5 пайыздық шағын несие беру наурыз айында жүзеге аспақ, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылдан бастап ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде қазақстандықтардың тиімді шарттармен шағын несие алу мүмкіндігі болады. Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, ауылдық елді мекендер мен шағын қалалар тұрғындары бизнес ашуға және жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге шағын несиелер ала алады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектегі Жолдауында несие ресурстарының жетіспеушілігі отандық бизнес үшін күрделі мәселе болып отырғанын, елімізде шағын және орта бизнесті қаржыландыру жеткіліксіздігі шамамен 42 миллиард долларды құрайтынын айтқан еді. Бұл ретте банктер іс жүзінде экономика үшін жұмыс істемейтін триллиондаған қаржыны ұстап отыр. Сондықтан, нақты секторды тұрақты және қолжетімді несиелеу мәселесін шешуді тапсырған.
Мемлект басшысының тапсырмасына сәйкес, несиенің пайыздық мөлшерлемесі – 2,5%. Жастарға 5 млн теңгеге дейін несие беріледі, төлеу мерзімі – 5 жыл. Ауыл шаруашылығымен айналысамын, ірі қара мал өсіремін деп несие алса, ол 7 жылға беріледі. Кепілдік қою талап етіледі. Сондай-ақ несиені 1,5 жылдан соң төлеуге болады. Алайда осы уақыт аралығында олар өз кәсібін ашып, оны дамытуға тиіс.
Ал, 2,5%-дық шағын несиелеу «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жүргізіледі. Несие беру тәртібі, негізгі шарттары, әдістерін комиссия белгілейді. Корпорация несиеге өтініш берушілерден, егер шарт бойынша міндеттемелер бұзылмаса, оларға қатысты комиссияларды, алымдарды немесе басқа төлемдер алмайды.
Негізгі шарттарына келер болсақ:
• микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін);
• микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңгеге дейін;
• сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды;
• микрокредит кепілмен қамтамасыз етілуі шарт (кепілдік ретінде жылжымайтын мүлік пен арнайы техника).
• 21-35 жас аралығындағы азаматтар;
• Несие алушыларға микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең беріледі;
• Несие алатын уақытта үміткерлердің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аспаған болуы шарт;
Несие алуға өтініш беруші ұсынған құжаттардың мазмұны мен мәліметтерін тексеру мерзімі барлық қажетті құжаттар тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнін құрайды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кредит өтеусіз беріледі. Бағдарламаның жүзеге асуына 29 млрд теңге бөлінген.

Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі, – деді Президент.