Референдум: 4251 азамат үйден дауыс беруге өтініш жазды
Облыста 4251 азамат үйден дауыс беруші өтініш қалдырған. Оның 685-і Қызылорда қаласында, қалғандары аудандардан берілген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бүгінгі маңызды науқан – Референдумда тұрғындардың өтініштері бойынша дауыс беру учаскесі комиссиясының мүшелері мен байқаушылары жүріп тұруы қиын қарт кісілер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне жәшік апарып, өз дауыстарын беруге жағдай жасады.
Өтінішке сәйкес учаскелік референдум комиссиясының екі мүшесі тасымалданатын жәшікпен бірге азаматтың үйіне барып дауыс беруге жағдай жасады.
Үйден дауыс беруді қалаған азаматтардың бірі – Күлмариям Реметәліқызы. Ол Қызылорда қаласының тұрғыны ретінде әрбір саяси науқанға азаматтық жауапкершілікпен қарап, белсенді қатысуда.
Еске салайық, референдум күні облыс бойынша 492 380 азамат дауыс беруге құқылы.
Өңірде азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис жұмыс істейді. Сондай-ақ, азаматтарды уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске бар.
Облыста 380 референдум учаскесі жұмыс істейді. Мұнда 2652 комиссия мүшелері қызмет атқарады.
Әйтеке би кентінде тұратын 100 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Тілеуберген Тобабергенұлы үй жағдайында өз таңдауын жасады.
Референдум учаскесінің комиссия мүшелері арнайы жәшік пен бюллетеньді абыз ақсақалдың үйіне апарып, таңдау жасауға мүмкіндік жасады.
Референдум учаскесінің комиссия мүшелері қарт майдангердің иығына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.
Бүгінгі маңызды науқанда аудан жастарының ұйымдастыруымен «Автоволонтер» қызметі жұмыс жасауда.
Референдумға келген азаматтар мен азаматшаларға тегін автокөлік қызметін көрсетілуде.
Қазалыдағы ең көп жасаған кейуана – София Сағымбай да өз таңдауын жасады. Ұзақ жасаған әжейге №362 дауыс беру учаскесінің комиссия мүшелері мен «Аманат» партиясы қоғамдық бірлестігі өкілі арнайы барып, таңдау жасауына мүмкіндік берді.
София Сағымбай референдум мәселесі мен жауап нұсқалары бар арнайы қағазға өз таңдауын жасап, тасымалданатын дауыс беру жәшігіне салды. Ол келешектің кемел боларына үмітті.
Айта кетейік, №362 дауыс беру учаскесінде 1911 дауыс беруші бар. Оның 1660-cы дауыс берді. Осы кезде дауыс берушілердің 86% атсалысып тұр.
№62 дауыс беру учаскесінің комиссия мүшелері Мария Лем, Анатолий Цой есімді қарт адамдарға үйіне келіп дауыс бергізді. Қос қария дауыс беру – әрбір азаматтың конституциялық құқығы әрі борышы деген пайымын жеткізді. Дауыс беруден қалыс қалмауды ескерді.
Бұдан бөлек Мелиоратор ықшам ауданындағы кейуанаға барып, дауыс беру құқығын ұсынды.
Мұнан соң ерлі-зайыпты Тиыштық Нұртазаев пен Бағдагүл Сатпаеваға ат басын бұрды. Тиыштық Нұртазаев 40 жыл Отан қоғамдық бірлестігінде ұстаз болған. Бұрынғы ДОСААФ-та жүргізушілерді дайындаған. Ерлі-зайыптылар мемлекеттің маңызды таңдауына бір ауыздан қатысуға ниетті екенін білдірді. Ел болашағы басты назарда. Бала тәрбиесіне ортақ үлес қосқан дұрыс дейді олар.
Арнайы №62 дауыс беру учаскесінің комиссия мүшелері мүмкіндігі шектеулі жан Құрманғазы Түктібаевқа да барды. Құрманғазы Түктібаев ел азаматы ретінде өз таңдауын жасады.
Сырым батыр көшесінің тұрғындары бірауыздан өз таңдауын жасады. Соның бірі – Таңжарық Құттыбаев ота жасатуына байланысты дауыс беру учаскесіне келе алмайтынын ескерткен. Ол біркісідей таңдау жасау парызы екенін жеткізді.
Маңызды мемлекеттік шешімге өз үлестерін қосуға №62 дауыс беру учаскесіне барлығы 1910. Соның 1273 дауыс беруші келді. Сонда тұрғындардың 70% келді. Халықтың белсенділігі жақсы.
№62 дауыс беру учаскесіне жауапты Ерік Өмірзақовтың айтуынша, бауырсақ пати ұйымдастырылып, тұрғындарға сый тартулар үлсестірілді.