Әлеуметтік желі заман талабына сай ма?
369
Түрлі бағыттағы әлеуметтік желілер бүгінде заман талабының жоғары сұранысына ие болып отыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде интернет жастардың ең сенімді құралдардың біріне айналды. Қазірдің өзінде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі, интернет арқылы, дәлірек айтқанда, әлеуметтік желі арқылы «әңгімелеседі».
Ғаламтор жүйесінінң дамуына 10 жылдан асса да, қазірдің өзінде ғаламтор қолданбайтын жастарды табу қиынның қиыны. Себебі бүгінгі күні еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін «TikTok», «Instagram», «Facebook», «Whatsapp», «YouTube» сынды мессенджерлерді жиі қолданады. Алайда, жасөспірімдердің заман талабына еремін деп ұлттық сана мен тәрбиенің түп төркінен жұрдай болуда. Батыс пен Еуропаның замануи үлгісіне ерген жастардың қазақилықтан жұрдай болмасына кім кепіл?
Көптеген жастардың ата-аналары бұл үрдістің әсерінен қауіптеніп отыр. Себебі, көбінесе 10-18 жастағы жасөспірімдер мұндай әсерге тап болады. Ата-аналарды мазалап қана қоймай, психолог дәрігерлердің, мұғалімдердің де ойын қауіптендіреді. Сонымен қатар, ғаламтор адамның физикалық денсаулығына ықпал береді. Мысалы, 15 жасар жасөспірім күніне 4 сағат экран алдында отырса, физикалық күшке тек шамамен 1 сағат қана уақыт бөлінеді.
Бұл жөнінде психолог мамандарының бірі
Расында әлеуметтік желінің құдіреті өршіп тұрған дәуір болып отыр. Олай дейтініміз түрлі әлеуметтік желіні үздіксіз пайдаланып өзінің тиісті жеке аудиториясын жинаған, тіпті фанаттары да кездесетін өздерін блогер не қоғам белсендісі деп білетін жандардың қатары күннен күнге көбеюде.
Қорытындылай келе, шынайы өмір виртуалды өмірден әлдеқайда жақсы екенін ұмытпауымыз керек.

«Әлеуметтік желі бүгінде көптің сұранысына ие болып отыр. Оның үстіне әр месенджердің өзінің қолданыс аясы да бар. Мысалға фейсбуктің аудиториясы 20+, ал инстаграмның аудиториясы 12+, тикток 7+ болса ютуб арнасын 1 жастан бастап тамашалайтын бүлдіршіндеріміз бар. Ол дегеніміз қазіргі қоғамның төрт қораптың ішіне кіріп, соның айналасынан шыға алмай отырғандығымыздың дәлелі. Күніне бір мәрте онлайн болмасақ, құдды бір затын жоғалтқан жандар секілді болып отырамыз»,- деді Гүлвира Сүлейменова.