"Қазақстандағыдай оп-оңай болады деп ойлап едім": Украинадағы орыс сарбазы мен анасының әңгімесі қазақтардың ашуын келтірді

439
Әлеуметтік желіде Украина жерінде жүрген орыс сарбазының Ресейдегі анасымен телефон арқылы сөйлескен әңгімесі тарады. Мұндай видеолар көптеп тарап жатқаны белгілі. Бірақ бұл диалогтағы сөздер қазақтарды ойлантып тастады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Аталған видеоны Тоқтар Жақаш жүктеді.

Онда анасы мен баласының төмендегідей сөздері жазылған.

Чернигов қаласын ала алмаған соң деревняда қорғанысқа көштік. Аздап олардың күшін дұрыс бағаламаппыз. 
- Мен де солай ойлаймын. Мен Қазақстандағыдай оп-оңай бола ма десем, олай емес екен.
- Қалалар бүтін, бомбалауға рұқсат бермей жатыр. 
- Мен тіпті тыныш отырып телевизор көре алмайтын болдым.
- Онда не айтып жатыр екен?
- Ой, ұлым, жаманын да, жақсыны да айтып жатыр.Бірақ бір айқыны сендер туралы ештеңе айтпайды. Түсінесің бе?   
- Пәтерде тұрдық. Бүгін үшінші күн, кетіп қалдық, далада көлікте қонып жатырмыз.

Аталаған сұхбатты көрген көпішілік түрлі пікірлер қалдырды:

"Бұлар не айтып тұр сонда, Қазақстанды әлдеқашан оп-оңай жаулап алған едік, бұл жақта олай болмады дегені ма?", "Не дейді мына әйел, Қазақстанды соғыссыз бағындырғанбыз дегені ма сонда", "Бұл сөздерде үлкен астар бар, бұл Қазақстан ашсақ алақанымызда дегені ғой",- деді оқырмандар. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.