«129 мамандық жойылады» – Саясат Нұрбек
470

«Қазақстанда 129 мамандық жойылады. Бір-екі мысал келтіріп өтейін. Бірінші бухгалтерлер ақырындап кете бастайды. Екіншіден учетчик пен қоймашылар (складовщик) кетеді. Неге десеңіз, қазір бәрі автоматтандырылған жүйелерді көп қолданып жатыр. Үшіншіден өндірісте жүрген аккумуляторшылар, концентраторщиктар. Тағы да мысалы кітапханашыларды айтуға болады. Оларда да бәрі автоматтандырылған жүйеге көшіп жатыр. Одан кейінгі кезекте нотариаттар. Елімізде 4500 нотариус бар. Қазір Әділет министрілгі автоматтандырылған нотариус жүйесін енгізіп жатыр. Олар алдағы 4-5 жылда не заңгер болуы керек, не юрисконсульт болу керек. Сондықтан елімізде көп нотариус керек болмай қалады», – деді депутат.