Қанша Ресей азаматының қазақстандық ЖСН алғаны белгілі болды

353
Қазақстаннан сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алған ресейліктердің саны былтырғы жылмен салыстырғанда 14 пайызға өскен деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі өткен жылы 14 717 Ресей азаматының ЖСН алғанын  хабарлаған. Ал биылғы жылдың алғашқы 3 айында 12840 ресейлік Қазақстаннан ЖСН алған. Оның үстіне, биыл наурызда Қазақстанда тіркелген ресейліктердің де саны артқан.

Мысалы, бір айда 10 995 Ресей азаматы ЖСН алған. Былтыр наурызда мұндай азаматтардың саны нәбәрі – 783 болған.


Елімізден ЖСН алған украин азаматтары да жетерлік. Мәселен, қаңтарда – 42 украиндық ЖСН алса, ақпанда – 80, наурызда – 198 адам алған.

Ескерте кетейік, ЖСН Қазақстанда 2007 жылы енгізілген. Шетелдік азаматтардың ЖСН алу үшін Қазақстанда болуы міндетті емес. Мұны прокси арқылы да алуға болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.