Ақтөбе облысының бас экологы пара алғаны үшін сотталды

214

Ақтөбе облысының бас экологы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Antikor news телеграмм парақшасына  сілтеме жасап. 


"2022 жылдың 13 сәуірінде Ақтөбе қаласының 2 сотының үкімімен облыстық экология департаментінің бұрынғы басшысы Нұржан Аққұл айтарлықтай мөлшерде пара алу дерегі бойынша кінәлі деп танылды. Ол 12 миллион теңге сомасында айыппұл төлейді", – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Сонымен қатар экс-басшы мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрылды.

Нұржан Аққұл 2021 жылдың 19 желтоқсанында Ақтөбе облысының экология департаментінің басшысы ретінде кәсіпкерлік субъектісі директорынан 400 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталған.