Ақтауда әскери бөлімнен сарбаз қашып кетті

401
Ақтауда әскери бөлімнен сарбаз қашып кетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6656 әскери бөлімінің сарбазы 14 мамыр күні Ақтау қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қызметін атқарғаннан кейін әскери жасақтардың жиналу және әскери бөлімге әкету орнына қайтып келмеген. Содан бері хабар жоқ.


Қазіргі уақытта іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Қатардағы жауынгер Б.Әділбеков 2021 жылдың маусым айында Ақтөбе қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен шақырылған.