Соғысты қолдаған әртістері де келеді - Алматыда Ресей фестивалін өткізуге неге рұқсат берілді
198
Осы жылдың 25 мен 28 шілдесі арасындағы Алматыда «Жара» атты халықаралық музыка фестивалі өткелі жатыр. Халықаралық деп аталса да, бұл фестивальдің ресейлік екені бәріне аян. Концертке бұған дейін Украинадағы соғысты қолдайтын ресейлік әртістердің бір тобы қатысқалы отыр. Бұл ақпарат айналып келіп, қоғамның қарсылығын туғызып, фестивальге шақырылғанымен отандық Орда тобы мен әнші Айри оған қатысудан бас тартқан. Осы концерт жөнінде сұрақтар бүгін үкімет кулуарында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевқа қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Жара» фестиваліне шетелдік әншілерден мына адамдар қатысады: Баста, Zivert, Дима Билан, Artik & Asti, Сергей Лазарев, Григорий Лепс, A"Studio, Emin, Ваня Дмитриенко, HammAli & Navai, Jony, ANNA ASTI, Ольга Бузова, Клава Кока, Лолита, Мари Краймбрери, Galibri & Mavik, MOT, Люся Чеботина, Ольга Серябкина, Хабиб, Пицца, Натан, RASA, Звонкий, Анита Цой, Лариса Долина.
Дәурен Абаев бұл сұрақ «өзі үшін қиын екенін, оны жасырмайтынын» атап өтті.
«Яғни министрлік Қазақстанға қарсы сөз айтқан әртістердің тізімін жасауға әзір ме?» деген сұраққа Абаев жоқ деп жауап берді.

«Бізге ең бірінші кезекте қатысушылардың контентін қарау керек. Бірақ қазір Қазақстанда менің білуімше, егер олар келіп, заңнаманың бәрін сақтаса (...) Бұл мәселе айналып келгенде сол өңірдегі әкімдіктің құзыретіндегі шаруа. Рұқсат беру немесе бермеу мәселесі», - деді ол.
Дәурен Абаев бұл сұрақ «өзі үшін қиын екенін, оны жасырмайтынын» атап өтті.
«Бұл салмақты мәселе. Қай елден болмасын 20 әртіс келді делік. Біз сол 20 адамның Украинадағы қақтығыс немесе Қазақстан жайлы не айтқанын тексеруіміз керек. Бізге бұл жерде қандай да бір баланс табу керек. Шартты түрде айтқанда олар заңды түрде келіп, Қазақстанға қарсы бірдеңе айтар болса, бізге әрине қарау керек», - деді министр.
«Яғни министрлік Қазақстанға қарсы сөз айтқан әртістердің тізімін жасауға әзір ме?» деген сұраққа Абаев жоқ деп жауап берді.
«Заңнамада біз шек қоя алатындай норма жоқ. Бұл цензураға айналады», - деді ол.
«Біздің азаматтар айтқысы келгенін айтып, петиция жазуға құқылы. Мемлекет ол петицияға құлақ асуы тиіс. Қоғамдық резонанс туса біз оған жауап беруге міндеттіміз», - деді ол.