«Армияға келмеңдер, мен көрген қорлықты көрмеңдер...» – қайтыс болған сарбаздың туыстары Тоқаевтан көмек сұрады
599
Ulysmedia.kz порталы Маңғыстау облысының Бейнеу шекара қызметінде қайтыс болған сарбаздың туыстарымен сөйлесіп, жағдайдың мән-жайын анықтап көрді. Кеше Шекара қызметі сарбаздың «суицидке барғанын», оның себебі «әскери қызмет өткерумен байланысты емес, отбасылық-тұрмыстық проблемалары болғанын» жазған. Алайда марқұмның туыстары бұл ақпараттың жалған екенін, Еділдің әскерде қорлық көргенін айтады.
ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ НҰСҚАСЫ
Еске сала кетсек, Маңғыстау облысының Бейнеу шекара қызметінде мерзімді әскери қызмет атқарған тағы бір сарбаз қайтыс болғаны кеше хабарланған еді. Тешебаев Еділ Бақытұлының (20.03.2003) «асылып қалғаны» туралы ақпарат тараған. Әскери бөлімдегілер марқұмның Түркістан облысы Сарыағаш ауданында тұратын отбасына екі түрлі хабар айтқан. Алғашында «аяқ киімінің бауына асылып қалған» десе, кейін «белбеуіне асылып қалған» деген. Тағы бір таңданарлық жайт, әскери бөлімдегілер марқұм жазып кеткен деп түрлі жазбалар жіберген. Жазбаларда көрсетілген уақыт дұрыс көрсетілмеген. Жазу да марқұмға тиесілі емес көрінеді.
Марқұм қайтыс болар күн алдында кешке таныстарынан, туыстарынан ақша сұраған.
Сол күні ҰҚК Шекара қызметі сарбаздың «өз-өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны» туралы ақпарат таратты.
ТУҒАНДАРЫН МӘЙІТХАНАҒА ӘРЕҢ КІРГІЗГЕН
Ulysmedia.kz порталының тілшісі марқұмның туған-туыстарымен байланысқа шықты. Еділ Тешебаевтың жеңгесі Перизат Дүйсебайдың айтуынша, қаралы хабарды олар 4 маусымда естіген.
Перизат Дүйсебай Еділдің сөйлескенде «менің қайтуыма 3-ақ ай қалды» деп қуанып жүргенін еске алады.
Еділ жайлы қаралы хабарды ести сала марқұмның туыстары бірден ұшаққа билеп алып, Ақтауға ұшып кеткен. Ол жақта мәйітханаға ешкімді кіргізбегенімен, марқұмның анасы айғайлап жүріп, кірген. Алайда мәйітханаға кірер алдында олардан телефонын, барлық затын алып қалған.
КӨҢІЛ АЙТУДЫҢ ОРНЫНА ҚОҢЫРАУ ШАЛЫП АЙҒАЙЛАҒАН
Перизат Дүйсебай ел ішінде «қаншама сарбаздың осылай жұмбақ жағдайда қаза болғаны туралы ақпарат барын, оның бәрі халыққа жетпей жатқанын» айтады.
Сарбаздың туысы сонымен қатар сол жақтағы адамдар келіп, кешірім сұрауы керек болған. Олар көңіл айтып хабар айтудың орнына, Перизаттың күйеуіне қоңырау шалып, «неге халыққа таратасың» деп қатты сөйлеген.
Еділ соңғы рет қайтыс болар алдында бір-екі сағат бұрын ағасымен сөйлесіп, 500 теңге сұраған. «Дауысың біртүрлі шығып тұр ғой» дегенде «жоға, бәрі нормально» деп жауап берген.

«Алдын ала ақпарат бойынша, суицидтің себебі әскери қызмет өткерумен байланысты емес, отбасылық-тұрмыстық проблемалар болған. Құқық қорғау органдары қажетті тергеу амалдарын жүргізуде. Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, қаза тапқан адамның отбасына қажетті көмек көрсету шараларын қабылдауда», - делінген хабарламада.
ТУҒАНДАРЫН МӘЙІТХАНАҒА ӘРЕҢ КІРГІЗГЕН
Ulysmedia.kz порталының тілшісі марқұмның туған-туыстарымен байланысқа шықты. Еділ Тешебаевтың жеңгесі Перизат Дүйсебайдың айтуынша, қаралы хабарды олар 4 маусымда естіген.
«Армияның қиыншылығына шыдай алмайтындай ол әлсіз емес. Ең алғыр, тез тіл тапқыш, қатарластарының алды, спортқа өте жақын болды. 2021 жылдың қыркүйегінде армияға өзі қоярда-қоймай кеткен. Болашағым сонда! Бір жыл барып келіп, жұмысқа тұрамын, әскери болам деп, үлкен үмітпен, қайсарлықпен, құштарлықпен кеткен. Бірақ өзінің жолдас балаларына «мен көрген қорлықты сендер көрмеңдер, бастарың істесе армияға келмеңдер» деп ескертіп отырыпты», - дейді жеңгесі.
Перизат Дүйсебай Еділдің сөйлескенде «менің қайтуыма 3-ақ ай қалды» деп қуанып жүргенін еске алады.
«Мені үнемі жеше деп атайтын. Соңғы хатында «жеңге» деп жазып қойған. Ол хатты Еділ жазбаған. Почеркі оныкі емес. Дата мен уақыты да сәйкес келмейді. Еділ хатты әріптерін тастап, тастап жазатын. Бізге келген хатта асықпай, «грамотно» жазған. Таяқ жеп, өлейін деп жүрген адам, әбден қорлық көрген адам (Перизат көз жасына ерік берді). Сәндеп жазып отыра ма хатты. Әке-шешем менің жағдайымды білсе, уайымдап қалады, білмей-ақ қойсын дейтін еді. Не болып қалды, тыныштық па, шаршадың ба десем, жоқ жеңеше, деп үндемей тұтқаны қоя салатын еді. Үйдегілер естігенде сенген жоқ. Атам айғайлап жерді ұрып жылады. Енем «менің балам тірі, өзім барып алып қайтамын» деп сенбейді», - дейді ол.
Еділ жайлы қаралы хабарды ести сала марқұмның туыстары бірден ұшаққа билеп алып, Ақтауға ұшып кеткен. Ол жақта мәйітханаға ешкімді кіргізбегенімен, марқұмның анасы айғайлап жүріп, кірген. Алайда мәйітханаға кірер алдында олардан телефонын, барлық затын алып қалған.
«Моргке кірген. Мойыны соңына дейін бұрылып кетеді дейді. Мойнында ремен ізі болған. Бірақ оған оңға қарай қатты бұрылып, мойыны үзіліп кеткен. Демек, оның мойнын бұрап өлтірген оны. Сондай жауыздыққа қиған. Қуық асты, қолтық астарының бәрі көгеріп кеткен. Ұйқы безі іріп кеткен. Ұйқыдан қысылған деп айтқан. Асқазан шайылған. Дым ештеңе жоқ. Асқазаны тап-таза. Бір грам тамақ жоқ. 10 күн тамақ ішсе де асқазанда бірдеңе қалуы керек қой. Асқазанды өткір сұйықтықпен шайған кезде ұйқы безі іріп кеткен. Үлкен қайынатам қатты ауырып жатыр. Қайта-қайта жедел жәрдем шақырып, дәрі-дәрмек беріп жатырмыз. Сонша нәрсені көріп отырып, тыныш отыра алмаймын», - дейді ол.
КӨҢІЛ АЙТУДЫҢ ОРНЫНА ҚОҢЫРАУ ШАЛЫП АЙҒАЙЛАҒАН
Перизат Дүйсебай ел ішінде «қаншама сарбаздың осылай жұмбақ жағдайда қаза болғаны туралы ақпарат барын, оның бәрі халыққа жетпей жатқанын» айтады.
«Сонша жағдайды естіп, әр балаға жан ашып, мына жақта үлкен әжелеріміз ауырып жатыр. Үйдің бәрі астаң-кестең. Зар жылап кеттік. Аштықпен қинап, құлша жұмсап, өлтіріп жібере берсе, «өзін-өзі өлтірді» деп үйіне қайтарып жібере берсе не болады? Осыншама жауыздыққа баратындай кім олар? 19 жыл бағып-қаққан анасы біледі ғой мінезін. Ол ешқашан өзіне қол жұмсамас еді. Балаларыңызды ешқашан жібермеңіздер. Қарап отырыңыздар. Жұмысқа кіргізіңіздер. Армияға – барсакелмеске жібермеңіздер», - дейді марқұмның жеңгесі.
Сарбаздың туысы сонымен қатар сол жақтағы адамдар келіп, кешірім сұрауы керек болған. Олар көңіл айтып хабар айтудың орнына, Перизаттың күйеуіне қоңырау шалып, «неге халыққа таратасың» деп қатты сөйлеген.
«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізден істің қаралуын, заңсыздыққа жол берілмеуін өтініп сұраймын. Кінәлілердің жазалануын, Еділдің әдейі өлтірілгенін дәлелдеуіңізді сұраймын. Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық шекара қызметін тексеруіңізді сұраймын. 8775 662 4588 нөмірі – үйдегілерге көңіл айтып, үлкендерден кешірім сұраудың орнына неліктен «халыққа жалған ақпарат бересіңдер» деп ағасына айғайлағаны, заңсыздыққа жол бергені үшін жауапқа тартуыңызды өтініп сұраймын», - дейді Перизат Дүйсебай.
Еділ соңғы рет қайтыс болар алдында бір-екі сағат бұрын ағасымен сөйлесіп, 500 теңге сұраған. «Дауысың біртүрлі шығып тұр ғой» дегенде «жоға, бәрі нормально» деп жауап берген.
Тағы да оқыңыздар
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
1 502