Петропавл әкімінің не үшін отставкаға кеткені белгілі болды

273

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлдың бұрынғы әкімі Болат Жұмабековтың отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді. Айтуынша, қала басшысын қызметінен кетуге ешкім мәжбүрлемеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Әкімнің отставкасы ТЭЦ-пен байланысты емес. Ол үш жарым жұмыс істеді. Бұл – өз еркімен қабылдаған шешімі", – деді Құмар Ақсақалов. 

Болат Жұмабековтың қаладағы шешілмеген мәселелер үшін жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін бе деген сұраққа жауап беріп, Петропавл қаласы әкімінің шешіміне қарсы тұра алмағанын айтты. 


"Мен жұмыс істегісі келмейтін адамды қалай ұстап қаламын? Әр қаланың өз мәселесі бар. Олар кезең-кезең бойынша шешіледі. Жақында қалаға жаңа әкім тағайындаймыз",  деді Құмар Ақсақалов.

Айта кетейік, бұған дейін Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков өз еркімен отставкаға кеткенін хабарлаған едік.
 
“Бүгін мен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. "Үш жыл ішінде біз бірлесіп көптеген сынақтардан өттік: карантин, қаланың жабылуы, қаңтардағы оқиғалар, ТКШ және құрылыс бойынша көптеген мәселелер. Осы кезеңдерде қалалық әкімдіктің барлық командасы өздерін кәсіби жағынан көрсетті", – деді ол. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.