«Қазақстан барысы-2022» жеңімпазына Қызылордадан пәтер берілді

394
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қазақстан барысы-2022» турнирінің жеңімпазы Мақсат Исағабылов пен үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, айтыс өнерінің ақберені Мұхтар Ниязовты қабылдады, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс басшысы Сыр саңлақтарын және Мақсаттың бапкері, қазақ күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Болатбек Кенеевті жеңісімен құттықтап, қос азаматқа аймақ жұртының алғысын жеткізді.
Кездесу барысында облыс әкімі Мақсат Исағабыловқа 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстап, Мұхтар Ниязовқа ақ боз ат мінгізді.

"Алдағы уақытта «Алтын белбеу» мен «Алтын тайтұяқты» Сыр өңіріне тағы да 2-3 мәрте әкелсем деген мақсатым бар. Сондай-ақ, «Әлем барысы» атануға үміттенемін. Туған топырақтың абыройын асқақтау үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын", – деді Мақсат Исағабылов.

Еске салсақ, қызылордалық Мақсат Исағабылов «Қазақстан барысының» жеңімпазы атанған болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.