Ақсуатта әлі күнге дейін 32 көшеге жарық жүргізілмеген

332
Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округінің тұрғындары әлі күнге дейін жарық пен көгілдір отын мәселесін шеше алмай отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ақсуаттықтар бүгінге дейін шешімін таппаған түйіткілді   мәселелері  бар екендігін айтып дабыл қағуда. Атап айтқанда жол, жарық және де газдың әлі күнге дейін жалғанбай отыр деген тұрғындардың наразылығын елемеген сыңайлы. 


Тұрғындардың айтуынша,  әкімдік құрғақ уәде беруден шаршамаған сыңайлы. Әр әкім есебінде айтылғанымен шешілуі қиын жол мәселесі межесіне жетпеген. Ол аздық еткендей, жарықтың да жағдайы оңбай тұр дейді  ауыл тұрғындары.


«Жарық мәселесі ауыл тұрғындарын әбігерге салды. Әбден шаршатты. Күннің ыстығында желдеткіш қосуға мүмкіндік жоқ. Ал ірі техникалар мүлдем кәдеге аспай отыр. Жарықтың сығырайып жануы желді күні тіпті өшіп қалуы да ғажап емес. Ал, әкімдіктің хабары бар. Бірақ әрекет жоқ.»,- дейді Мақпал.


Расында жарығы жөнді жанбаған ауылдың көгілдір отыны жақын арада үйімізге кіргізілуіне күмәні  бар тұрғындардың бірі Жұмабек Дәулет
«Газды қашан бересіңдер мердігер мекеме қашан қайда не істеп жатыр қандай сатысына келді? Мердігердің жұмыстарын бейне түсірілім жасап неге халыққа баяндамайды? Жұмыс техникалық жобаға сәкес жүріп жатырма кім қадағалап жатыр?» ,-деген.

Ал,  Орманбаев көшесінің тұрғындары аяқ су жүргіземіз деп көшеміздің быт-шытын шығарды деп налып отыр. Басы бар аяғы жоқ жұмыстардың жүргізілуін әкімдік қадағалауында болмауына не себеп? «Қойшы көп болса қой арам өледінің» кейпін киген әкімдік ауылда орын алып отырған мәселенің барынан құлақдар екендігін жасырмады. Десек те, ауыл ішінде әлі күнге дейін 32 көше жарықпен қамтылмағандығы белгілі болды.  Ал, әкімдік ауыл тұрғындар екі топқа бөліп қарастыратын сыңайлы оған дәлел байырғы және жаңадан қоныстанушылар деп қарастыру болып отыр. 


 «Махамбет және Наурыз кенттерінің ішкі орамды газ құбырын салу» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылы басталып, құрылыс нысанының көлемі өте үлкен болуына орай, 2023 жылы аяқталатын болады. Ал, ауылдық округке жаңадан қоныстанушыларға қосымша электр желілерін тарту мақсатында 20,842 шақырым болатын 25 көшеге «Энерго Мера» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізіп, 2021 - 2023 жылдарында электр желілерімен қамтылмай қалған 22,9 шақырым болатын 32 көшені электр желілерімен қамту мақсатында қалалық бюджеттен 4 млн. 849 мың теңге қаржы бөлініп, жобалау сметалық құжаттары әзірленуде»,- дейді Ақсуат әкімдігі.