Қызылорда жағажайында 16 жасар бала суға кетті
726

Бүгін, 25 шілде сағат 16:24 шамасында облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Қызылорда қаласында орналасқан «Сыр Самалы» жағажайында 15-16 жасар ер баланың суға кеткені жөнінде хабар келіп түскен. Суға батып кеткен тоғызыншы сынып оқушысының денесін іздестірген жағажай әкімшлігі құтқарушылар көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.
Оқиға орнына барғанда суға батқан жасөспірімнің №257 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы екені мәлім болды. Іздестіру шарасына 7 құтқарушы тартылып, қажетті техника мен қайық пайдаланылды. Сүңгуірлер мүрдені су астынан іздеді.
«Сағат 16:48-де 2006 жылы туылған баланың денесі батқан жерінен су астынан табылды. Қазіргі таңда баланың мүрдесі ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне табысталды.
Қала аумағында суға кету бойынша 10 адам тіркеліп отыр. Оның ішінде 6-бала. Сондықтан қала тұрғындарының назарына суға шомылу маусымында барлық талаптарды сақтай отыра, балалардың өздерін жібермеуді және де бала өміріне мұқият болуды сұраймыз.», - деді Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Жасұлан Түйменов.

Ал, төтенше жағдайлар қызметіне оқыс жағдай туралы жағажай әкімдігі хабарлаған.