СУ РЕСУРСТАРЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚЫЗЫЛОРДА СУ ТОРАБЫН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

422
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы Алдамжаров Нұрлан Жанұзақұлы  вегетациялық кезеңдегі су тапшылығының алдын-алу  мақсатында өңірімізге арнайы іссапармен келіп,  Қызылорда су торабында жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда су торабының құрылысы 1956 жылы пайдалануға беріліп,  Қызылорда қаласы, Сырдария,  Жалағаш,  Қармақшы аудандарының сумен қамтамасыз етіп келеді.  Апатты жағдайда деп танылған су торабына күрделі жөндеу жұмыстары  2020 жылдан басталды.


Қазіргі таңда, Сырдария өзенінің су деңгейі көтеріліп, Қызылорда су торабынан 536 текше метр су өтуде. Шардара су қоймасының толуына орай Сырдария өзенінің төменгі ағысына 1000 текше метр су жіберілуде.

– Қазіргі уақытта Шардара су қоймасы арқылы Сырдария өзенінің төменгі ағысына мың текше метр су тасталуда. Оның 450 текше метрі Көксарай су реттегіш қоймасына келуде. Бүгінде облыс аумағына 600 текше метр су келіп түсуде. Соған сәйкес облыс аумағынан магистральді каналдар мен көлдер жүйесі арқылы су алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар 56 су басу қаупі бар аймақ анықталып, оларға 398 арнайы техника және 1 367 адам күші бар 197 мекеме бекітілді, – деді Бағдат Әлиев.



Сырдария өзенімен облыс шекарасына 650 текше метр су түсуде. Ал Қазалы су торабынан төменгі ағысқа – 235 текше метр су тасталуда. Сырдария өзеніндегі мол суды қауіпсіз өткізу мақсатында каналдармен су алу кестесі әзірленеді. Биыл Шардараға – 2,3 млрд.текше немесе Көксарайға – 1,5 млрд текше су жиналмаса егістікке су беру маусымы кезеңінде су тапшылығы болады деп күтілуде, – «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров.