Психолог: Баланы ата-әжеге беруге болмайды
Қазақ отбасында ерлі-зайыптылар тұңғышын ата-әжесінің бауырына салады. Бала өз әке-шешесін емес, қариялардың тәлім-тәрбиесімен өседі. Алайда психолог Ержан Мырзабаев мұның дұрыс емес екенін айтады, деп хабарлайды Экспресс К
Елімізге танымал психолог Ердан Мырзабаев журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында баланы ата-әжесінің тәрбиесіне беруге болмайтынын айтады. Бұл баланың болашағына әсер етеді. Бейнежазба TikTok әлеуметтік желісінде жарияланды.
Психологтың айтуынша, алдына келетін адамдардың 99 пайызы — ата-әжесінің қолында өскендер. Бірін 6 жасына дейін ата-әжесіне тастап кетсе, енді бірі 12, 9 жасқа дейін солардың қасында болған. Сөйтіп өзінің туған әке-шешесі мен бауырларына сіңіп кете алмайды.
Ержан Мырзабаевтың айтуынша, баланың тәрбиесіне ата-ана тікелей жауапты. Ал ата-әже, нағашы, аға, көрші, өзге туысқандар — көмекші құрал.
Сондай-ақ маман баланы туысқандарға жіберген кезде барлығы бақылауда және жоспларлы түрде болуы керек екенін айтады.