"Үй іріп құлағалы тұр",- Елордада жатақхана тұрғындары Көлгіновке жүгінді
355
Луи Пастер көшесі 73 мекенжайында орналасқан жатақхана тұрғындары өздері түрып жатқан нысанды түріп тастауды сұрайды. Бұл туралы хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жатақхана тұрғындары қала әкімі Алтай Көлгіновтен «келіп, мәселені реттеуді» сұрайды. Олардың айтуынша, жатақхана апаттық жағдайда тұр.
«Біз өзіміз, балаларымыз бен басқа да адамдар үшін қорқамыз. 157 бөлме бар. Үй іріп құлағалы тұр», - дейді тұрғындар.
Олар әкімдікке бірнеше рет жүгінген. Алайда әзірге мәселе шешімін табар емес.