Еуропаға барғысы келетін қазақстандықтардан не талап етіледі
Қазақстандықтар Еуропа елдеріне стандартты ережелер бойынша бара алады. Азаматтарға тек виза мен ПТР тестінің теріс нәтижесі көрсетілген анықтама қажет.
Қазақстанда карантин жеңілдетілмек. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық ұйымдар мен кәсіпорындардың қалай жұмыс істейтінін айтқан еді.
Алексей Цойдың сөзінше, "жасыл" аймақтағы компьютерлік клубтар, боулингтердің жұмысына рұқсат етілген. Осы ретте толымдылық 30 пайыздан аспауы тиіс. Сондай-ақ "жасыл" аймақта толымдылық 15 пайыздан аспаған жағдайда көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шара өткізуге болады.
Бүгінде Қазақстан COVID-19-бен ауыру көрсеткіші бойынша әлемде 107 орында тұр.
Қазір Үндістандағы эпидемиологиялық ахуал қиын болып отыр. Елде күніне 400 мыңға жуық жаңа жағдай тіркелуде. Осыған байланысты Үндістаннан келген қазақстандықтар міндетті түрде үйде екі апталық карантинге жатқызылатын болады.
Ал Еуропада вакцинацияның арқасында ақырындап шекаралар ашылып жатыр. Алайда Еуроодақ пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакцинаны еккендерге кіруге рұқсат.
Ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac не қытайлық Hayat-Vax вакциналары бұл тізімге енбеген.
"Қазіргі уақытта ресейлік "Спутник V" тексерістен өтіп жатыр. Мен оның сәтті өтіп, мақұлданатынына сенемін. Ал QazVac пен Hayat-Vax зерттеу үшін Еуропа медициналық агенттігіне берілген жоқ.
Әзірге, Қазақстан азаматтары үшін Еуропа елдеріне кіру процедурасы стандартты. Яғни, виза мен коронавирусты анықтайтын тесттің теріс нәтижесі керек", - дейді Қазақстандағы Еуропа елдері өкілдігінің ынтымақтастық жетекшісі Йоханес Стенбаек Мэдсон.