Өскеменде ломбард қызметкері 12,5 млн теңге жымқырған

160

Фото:https://time.kz/articles/risk/2021/09/10/yuvelir-na-doveriiӨскеменде ломбард қызметкері 12,5 млн теңге жымқырған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі ломбардтардың бірінің директоры полицияға хабарласқан.

Өз сөзінде ол жалған кепіл билет жасап келген ломбард менеджерінің кассадан 12 500 000 теңгеден астам ақшаны жымқырғанын жеткізді.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Жауап алу кезінде әйел адам өз кінәсін мойындаған. ЖШС-нің 37 жастағы менеджері ақшадан қысылғандықтан осындай қадамға барғанын айтты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.