Алматыда өртенген жер үйден газ баллондары шығарылды

365

Фото: ТЖДАлматыда жеке меншік секторда өрт болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт бүгін Жетісу ауданында, Райымбек даңғылы, Галилей 38 мекенжайында болды.


«Сағат шамамен 15:04-те өрт сөндірушілер шақыртуға шықты. Олар келгенде жекеменшік үй мен қораның өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің көрші үйге өту қаупі болды. Жақын жерде орналасқан өрт сөндіру гидранттарына автоцистерналар орнатылып, үздіксіз сумен қамтамасыз етіліп, өрттің таралу қаупі жойылды. Өрт орнынан 25 литрлік 5 газ баллоны эвакуацияланды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.


Оқиға орнында 10 бірлік техника мен 26 адам жұмылдырылды. Өрт сағат 35 минутта ауыздықталып, 15:46-да сөндірілді.


Өрттің шығу себебі анықталуда.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.