Алматы облысында 5-сынып оқушысы асылып қалды
Алматы облысы Талғар ауданында 11 жастағы қыз өз үйінде асылып қалды. Оқиға Гүлдала ауылында болған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай 16 қыркүйекте болған. 2011 жылы туған Рамина Ирзахунова өз үйінде өлі табылды. №21 мектеп директоры Қуаныш Айтбаевтың айтуынша, қыздың ата-анасы ажырасып кеткен екен, ал марқұм нағашы апасы мен ағасының қолында тұрыпты.
Өз-өзіне қол салған оқушының мәйітін нағашы ағасы тауып, полиция шақыртқан. Тергеушілер қыздың денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілерін таппаған. Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал мектеп директоры қыздың өліміне Telegram арнасындағы күдікті топтың ықпалы болды ма деп күдіктенеді.
Қаз
Рус






