Қазақстан азаматы шетелдікті 300 мың теңгеге шекарадан заңсыз өткізбек болған

239
Қазақстан тұрғыны шекараны заңсыз кесіп өтпек болған өзбекстандыққа көмектеспек болған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Құқық бұзушылар аудандық полиция бөліміне одан әрі тексеру үшін жеткізілді.  Белгілі болғандай, күдікті ер адам осы қызметі үшін шетелдік азаматтан 300 мың теңге ақша алған.

Осыған орай тәртіп сақшылары заңды белшесінен басып, пайда тауып жүрген күдіктіні ұстап, оған ҚР ҚК-нің 394-бабы (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ шетел азаматының шекарадан заңсыз өткені үшін ҚР ҚК-нің 392-бабы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша іс қозғалып, қос азамат қамауға алынды.

 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.