Шымкенттік әйел күйеуінің 2 млн теңгесін ұрлаған

208
Шымкентік әйел күйеуінің бағалы заттары мен 2 млн теңгесін ұрлап кетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 18 қазан күні сағат 16:30 шамасында болған. Күйеуінің құны қымбат алтын жүзігі, ноутбугы мен қомақты қаржысын ұрлаған әйелі заттарды сатып, содан пайда таппақ болыпты.

Қаратау АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 39 жастағы тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, жұмыстан үйіне келген кезінде өзінің азаматтық некедегі әйелі қонақ бөлмедегі сейфтен құны 200 мың теңге тұратын алтын жүзігі мен 250 мың теңгелік ноутбугін, оған қоса 2 млн теңгесін жымқырып кеткен.

Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 2,4 млн теңгені құрап отыр. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.