Октябрь ауданының атауын Әлихан Бөкейхан деп өзгерту туралы пікір білдірді

433
Бүгін Қарағанды облысында Октябрь ауданына Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан есімін беру 
мәселесіне орай қоғамдық тыңдау мен дауыс беру өтуде. Ауданның атауын қазақшалауға қарсы шыққан топқа Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Майя Бекбаева үндеу тастады.
Белгілі тележурналист Майя Бекбаева Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімін беруді өте маңызды әрі дер кезінде жасалған қадам деп атады. 
"Бүгін Әлихан Бөкейханның туған өлкесі Қарағандыда Октябрь ауданының атауын Әлихан Бөкейхан ауданы деп өзгерту бойынша қоғамдық талқылау мен дауыс беру өтетінін білдім. 
Бұл тарихи тұлғаның 155 жылдығында орай қолымыздан келген өте маңызды әрі дер кезінде жасалған қадам. Ол қазақ зиялыларын тағы бір саты көтермелеген, өз халқының еркіндігі үшін, теңдігі үшін күрескен, жарқын болашағы үшін өмірін құрбан еткен адам.