Анасына құрметпен бас иген полиция генерал-майоры елді тәнті етті

352

Фото: polisia.kzПрезиденттің жарлығымен полиция генерал-майоры шенін алған Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев қуанышын отбасы мен жақындарымен бөліскен. Facebook-тегі Online Qazaqstan тобында жарияланған видеода шендінің анасына құрмет көрсетіп, сәлем беріп тұрғаны көрсетіледі. Генерал-майордың бұл әрекетіне көпшілік тәнті болды.

Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекиевтің отбасының ортасында қуанышты атап өтіп жатқан видеосы желі қолданушыларына ұнап қалды. Олар бейнежазбаны жарыса бөлісуде. 

"Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекиев президенттің қолынан алған генерал-майор шенін жуып жатыр. Генералдар карантинге пысқырсын ба, бірақ жұрт қызғалдақ жұлса аямай айыппұл салады" - деп сипатталынса да, желідегілер видеодағы полицейдің әрекетінен еш әбестік көрмеген.
 

Олар департамент бастығының анасына құрмет көрсетуін үлгі тұтарлық деп санайды. 
"Анасына тағзым етіп жатқаны дұрыс. Сол кісінің арқасы! Туған туысы тойлап жатыр екен", "Дұрыс істеді қолдаймын. Анасының алдына барып честь беріп тұрғаны өте дұрыс , ал бауырлары күтіп алғаны өте керемет", "Керемет қуаныш! Әр бала анасына осындай бақыт сыйласын" " 200 адамдық той көріп тұрғаным жоқ. Өз отбасы, анасымен қуанышын бөлісіп тұр. Онда тұрған не бар?", - дейді желі қолданушылары. 

Айта кетейік, Оңал Бекиев Көліктегі полиция департаментінің бастығы болып 2019 жылы тағайындалды. Ол 1975 жылы дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1998 жылдан бері қызмет істейді. Ішкі істер органдарында түрлі қызметтер атқарып, басшылық құрамдарда жұмыс істеген.

 ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары болған. Алматы облысы Полиция департаменті және Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.