Боксшы Сәкен Бибосынов әлем чемпионын жеңді
450

51 келіге дейінгі салмақтағы Сәкен Бибосынов Жапония боксшысы Томоей Цубоиды 5:0 есебімен жеңді. Цубои 2021 жылы 54 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы болған.
Сәкен Бибосынов – Олимпиада-2022 қола медаль жүлдегері, былтырғы әлем чемпионы. Онымен бірге финалға Қазақстанның тағы 12 боксшысы шықты.
Олар:
Әйелдер құрамасы: Алуа Балқыбаева, Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова, Гүлсая Ержан;
Ерлер құрамасы: Санжар Ташкенбай, Махмуд Сабырхан, Серік Теміржанов, Дулат Бекбауов, Асланбек Шымбергенов, Нұрқанат Райыс, Айбек Оралбай, Камшыбек Коңқабаев.