Қазақстан чемпионаты Азия біріншілігіне іріктеу жарысы болды

329
Талдықорғанда таеквондодан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. 87 келіде үшінші рет ел чемпионы атанған шымкенттік Смайыл Дүйсебай жарысты қорытындылады. 
- Дайындыққа өте қатты мән бердік. Өйткені ұзақ уақыт төбелеспедік. Жарыстар арасында ұзақ үзіліс болды. Қазақстан чемпионатына дайындық екі кезеңнен тұрды. Спаррингте физикалық тұрғыдан дайындығымызды пысықтап, техника бойынша шеберлігімізді шыңдадық.
Әрине, жарыстың атмосферасы ерекше. Сағынып қалғанымызды жасырмаймын. Жарыстағы төбелестің жаттығудан айырмашылығы өте үлкен. Жекпе-жектің барлығы өзіміз ойлағандай, жоспарымызды орындап, көздеген нәтижемізге қол жеткіздік. Қазір бір апта Стамбулда үзілістеміз. Одан кейін қайтадан оқу-жаттығу жиындарына ірісеміз.
Қазақстан чемпионаты алдағы Азия чемпионатында іріктеу турнирі болып саналды. Сәуір айында Испанияда халықаралық жарыс жоспарланған. Қазірге қатысамыз деп 100% сенімділікпен айта алмаймыз. Себебі, пандемия кезінде нақты кесіп айту қиын. Алайда, біз үшін негізгі жарыс ретінде жарыс кестесіне енгізілген. Кешегі Қазақстан чемпионаты Азия чемпионатына іріктеу турнирі болып саналды. Азия чемпионаты маусым айына жоспарланған.
Екі жарыстың арасы өте ұзақ болғандықтан, форманы жоғалтпау мақсатында сәуір айында жарысқа қатысуды жоспарлап отырмыз. Дегенмен, коронавирус пандемиясына байланысты ештеңені нақты айта алмаймыз, - дейді Смайыл Дүйсебай.