Токиодағы олимпиада ойындары кей жерлерде көрерменсіз өтетін болды

304
Ұйымдастырушылар қауымы Олимпиада ойындары Токиоға жақын жердегі Тиба, Канагава және Сайтама кешендерінде жабық есік жағдайында өтетінін хабарлады.

Бір күн бұрын Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах, төрт ұйымның, Ойындарды ұйымдастыру комитетінің, Халықаралық Паралимпиадалық комитеттің, сондай-ақ Жапония үкіметінің өкілдері қатысқан онлайн-кездесу барысында ойындарды көрермендерсіз өткізу туралы шешім қабылданды.


 Алайда көрермендер Жапонияның солтүстік-шығысындағы Фукусима мен Миягиде және елдің орталығындағы Сидзуокеде өтетін жарыстарға бара алады. 


Олимпиада жабылғаннан соң Паралимпиада өтетін кешендерге қанша көрерменнің кіретінін ұйымдастырушылар шешеді. Паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді. 


Ұйымдастыру комитетінің бас директоры Тоширо Муто кейбір адамдар санатына жарысқа қатысуға рұқсат берілетінін жасырмады. Олардың қатарында ресми өкілдер мен Халықаралық олимпиада комитетінің қызметкерлері бар.