Елена Рыбакина Брисбен турнирінің жартылай финалына шықты

2 694

Фото: on.kzҚазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық спортшы ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 28-орында тұрған ресейлік Анастасия Потаповамен шеберлік таластырды.

Осыған дейін қарсыластар бір-ақ мәрте кездесіп, онда ресейлік теннисші жеңген екен.

Бұл жолы бірінші партияда есеп 2:1 болған мезетте Е.Рыбакина брейк жасай алды.

Содан кейін есеп 4:1 болғанда, А.Потапова медициналық көмекке жүгінді. Бұдан кейін тағы бір брейк жасаған Елена сетті тәмамдады — 6:1.

Осыдан соң А.Потапова бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Жарты сағатқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші 2 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдаланып үлгерді.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 40-ракеткасы, чехиялық Линда Носкова немесе рейтингте 58-сатыдағы 16 жастағы ресейлік Мирра Андрееваның біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Соня Жиенбаеваның Қазақстан азаматтығын алғанын жазған болатынбыз.

Брисбен турнирінде Александр Недовесов жартылай финалдан тыс қалды. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.