Жақында ғана үйленген "Ливерпуль" шабуылшысы Диогу Жота көлік апатынан қаза тапты

2 279

Фото: Диогу Жотаның Instagram парақшасынанПортугалия құрамасының және ағылшынның "Ливерпуль" клубының футболшысы Диогу Жота Испанияда болған жол апатынан 28 жасында қаза тапты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі

Жол-көлік оқиғасы Самора провинциясында, А-52 трассасының 65-шақырымында, Паласиос-де-Санабриа қаласына жақын маңда болған. Футболшы көлікте 26 жастағы інісімен бірге отырған. Өкінішке қарай, екі ағайынды да оқиға орнында көз жұмды.

Жол апаты салдарынан көлік өртеніп кеткен. Жалын жақын маңдағы өсімдіктерге де тараған. 

Диогу Жотаның желісінде 5 күн бұрын тойынан фотосуреттер мен видео жариялаған. Деректерге сүйенсек ол мектеп кезінен бірге оқыған, он жылдан астам уақыт кездесіп жүрген сүйіктісі – Руте Кардозоға он күн бұрын үйленген. Бұл жұптың үш баласы бар.

Диогу Жота 2020 және 2024 жылғы Еуропа чемпионаттарына қатысқан. 2022 жылы ол "Ливерпуль" клубымен келісімшартын 2027 жылдың жазына дейін ұзартқан еді.