"Қайрат" пен "Реал" ойыны: Алматыға 5 мыңға жуық шетелдік жанкүйер келеді

2 343

Фото: Коллаж Offside.kzҚазақстан туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыда өтетін "Қайрат" пен мадридтік "Реал" арасындағы ойынға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, алдағы кездесу елдегі спорттық туризмнің дамуына серпін бермек.

"Біз бұған дейін де халықаралық деңгейдегі шараларды қабылдап, инфрақұрылымымыздың толық дайын екенін көрсеттік. Енді әлемнің ең атақты клубтарының бірі – "Реал" келеді. УЕФА-ның арнайы квоталары бар. Осыған байланысты Алматыға 4-5 мыңға жуық шетелдік турист келеді деп күтілуде", – деді Мырзабосынов.

Ол сондай-ақ қазақстандық футболдың қазіргі деңгейіне тоқталды.

"Футболымыз қарқын алуда. Стадион УЕФА бағалауымен төртінші категорияға сай, алаң талаптарға сәйкес. Спорт елді біріктіріп, халыққа сенім ұялатады. Егер біз ғылымды дамытып, спортшыларға жағдай жасасақ, академиялар ашсақ, халықтың рухы мен спортшыларымыздың мінезінің арқасында биік жетістіктерге жетеміз", – деді министр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.