"Қайрат" Чемпиондар Лигасында алғаш рет өз алаңында гол соқты

2 527

Фото: Видеодан скриншотКездесу турнирдің жетінші туры аясында өтті. Бірінші таймда ойын толықтай қонақтардың басымдығымен өрбіді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

 Олар алаң иелерінің қақпасына екі гол соқты. Есеп 32-минутта ашылды. Александар Станкович Темірлан Анарбеков қақпадан шығып, допты сәтсіз қайтарған сәтте бірінші болып допқа жетіп, бос қақпаға дәл соққы жасады.

Алты минуттан кейін қонақтар басымдықты арттыра түсті. 38-минутта Ханс Ванакен жақын қашықтықтан соққы жасап, алматылықтардың қақпашысына еш мүмкіндік қалдырмады.

74-минутта Ромео Верман есепті еселей түсті. Ал он минуттан соң Брэндон Мехеле бельгиялықтардың пайдасына есепті 4:0-ге жеткізді.

Екінші таймның соңында алматылықтар жұбаныш голын соқты. 90+2-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Әділет Садыбеков допты қағып алып, айып алаңының сызығынан дәл соққы жасап, есепті 1:4 етті. Бұл Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында алматылықтардың өз алаңында соққан алғашқы голы болды.

Соңғы, сегізінші турда алматылық команда қонақта Лондонның "Арсеналымен" кездеседі. Ойын 28 қаңтардан 29 қаңтарға қараған түні өтеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.